TurkLang 2017

Түркі тілдерін компьютерлік өңдеуге арналған V-ші халықаралық конференция «TurkLang 2017»


Құрметті әріптестер,

Түркі тілдерін компьютерлік өңдеуге арналған V-ші халықаралық конференция «TurkLang 2017» Қазан қаласында (Татарстан, Ресей Федерациясы) 2017ж. қазан айының 18-21 аралығында өтетінің қуанышпен хабарлаймыз.

Конференция жұмысының бағыттары:

  • Түркі тілдеріне арналған формалды модельдер
  • Компьютерлік жүйелерді ұлттық локализациялау және терминология
  • Түркі тілдерінің электронды корпустары
  • Мәтінді морфологиялық және синтаксистік өңдеу жүйелері
  • Сөйлеуді синтездеу және тану жүйелері
  • Мәтіндерді семантикалық өңдеу жүйелері
  • Машиналық аудару жүйелері
  • Түркі тілдерін оқыту технологиялары мен интеллектуалды жүйелері
  • Түркі тілдеріндегі лингвистикалық онтологиялар

Маңызды мерзімдер:

Мақаланың мәтінің тапсыру 25 қыркүйекке дейін
Рецензия нәтижелерімен танысу 5 қазан
Конференция бағдарламасын жариялау 10 қазан
Конференцияны өткізу 18 – 21 қазан

Конференция бағдарламасы пленарлы отырыстар, «дөңгелек үстел» түріндегі пікір алмасулар, сондай-ақ бағдарламалық жүйелердің көрсетілімдерін қамтиды.

Конференция аясында кезекті UniTurk «Түркі тілдерінің электронды корпустарындағы грамматикалық белгілеу (аннотация) жүйелерін ортақтандыру» семинары өтпек.